фото: egemen.kz
«Болашақ» халықаралық стипендиясында 30 жылда алғаш рет жас шектеуіне байланысты өзгеріс енгізілді. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» өкілдері мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Бұған дейін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамаға қатысуда жасқа шектеу қойылмаған еді, тіпті зейнет жасына толған адамдар да қатыса алатын еді. Алайда ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес жағдай өзгерді.
«Енді жас шектеуі белгіленді: ерлер 59 жастан, әйелдер 57 жастан үлкен болмауы керек. Бұйрық бекітіліп, күшіне енді», деді Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілі.
Айта кетейік, Көкшетауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы 78 жастағы азаматты «Болашақ» бағдарламасымен оқуға жібергендері сынға алған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!