Енді стипендияға үміткерлер екі емес, үш сынақ кезеңінен өтуі мүмкін. Біріншісі – кешенді тестілеу, екіншісінде – әңгімелесу, үшіншісі – эссе жазу, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия құрылады. 

«Комиссияның нақты сипаттамасы түсінбеушіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді және қаулыны орындауға байланысты әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Осылайша, бұл терминнің енгізілуі құқық қолдану тәжірибесінде айқындық пен реттелуді қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде Комиссия жұмысының тиімділігін арттыруға және «Болашақ» бағдарламасы аясында заң нормаларын дәл сақтауға ықпал етеді», – делінген қаулы жобасына қоса берілген салыстырмалы кестеде.

Бұдан бөлек шәкіртақыға үміткерлер кемі 500 сөзден құралған эссе жазатын болад.

«Уәждемелік хат – үміткер осы салада таңдаған ЖОО мен оның артықшылығын, бұл стипендияны алу қажеттілігін және таңдаған бағыты бойынша алған білімнен күтетін нәтижесін және оларды ары қарай практикада қолдануын негіздейтін, көлемі кемінде 500 сөзден құралған, еркін нысанда жазылған эссе. Кандидаттардың кәсіби және академиялық мақсаттарына объективті баға беру мақсатында, және Республикалық комиссияға неғұрлым негізделген және байыпты шешімдер қабылдауға көмектеседі. Мотивациялық хаттағы негізгі аспекттерді анықтау таңдалған ЖОО-ны және оның артықшылықтарын сипаттау, сондай-ақ стипендияның қажеттілігінің себептерін көрсету үміткер мен комиссия арасында мақсатты және сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік береді», – делінген құжатта.

Мотивациялық хат үміткердің жеке мақсаттарын, оның кәсіби жоспарлары мен оқуға деген ынтасын көрсететін болады деп күтіліп отыр.

Үкімет қаулысы «Ашық НҚА» порталында 15 қарашаға дейін жария талқылауда болады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!