Қызылорда «Болашақ» университеті құрылтайшысының шешімімен ДОСМАНБЕТОВ ДИНАР БАҚБЕРГЕНҰЛЫ Қызылорда «Болашақ» университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.

Досманбетов Динар Бақбергенұлы- заң ғылымдары бойынша философия докторы (PhD). 1981 жылы 15 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.

жылы №1 орта мектептің бірінші сыныбына барып, мектепті 1997 жылы бітірді.1997 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне қаржы және несие мамандығы бойынша оқуға түсті. 1999 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ға ауысып, университетті 2001 жылы бітірген.Сондай-ақ, 1997 жылы Мәскеу Халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетіне оқуға түсіп, 2001 жылы МЭСИ қашықтықтан білім беру институтында «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуын аяқтады.2012 жылы АҚШ-тың York University докторантурасын бітіріп, заң ғылымдары бойынша философия докторы (PhD) ғылыми атағын алды.2001 жылғы 21 қаңтардан 2003 жылғы 12 желтоқсанға дейін Астана қ. ІІББ экономикалық қауіпсіздік бөлімінде жедел уәкіл болып жұмыс атқарды.2003 жылғы 20 наурыздан 2005 жылғы 20 қаңтарға дейін «ҚазТрансОйлСервис» АҚ-да инженер болып жұмыс істеді.

2005 жылғы 2 тамыздан 2008 жылғы 20 шілдеге дейін «Қазмұнайгаз» ЖШС-де маман болып жұмыс жасады.2008 жылғы 21 мамырдан 2010 жылғы 18 қаңтарға дейін Астана қаласы Соттар әкімшілігінде ішкі қауіпсіздік инспекторы лауазымын атқарды.2012 жылдың 29 тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда «Болашақ» университетінің Стратегиялық даму және экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!