Фото: ғаламтордан

2025 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) өтініш қабылдау 12 сәуірде басталып, 25 сәуірге дейін жалғасады. Талапкерлер өтініштерін testcenter.kz сайтында немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы бере алады. ҰБТ 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтеді, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы. 
Маңызды мерзімдер:

12–18 сәуір аралығында – ҰБТ-ға бір рет қатысуға өтініш беруге болады;
19–25 сәуір аралығында – бір немесе екі рет тапсыруға өтініш беру мүмкіндігі бар.

Негізгі ҰБТ-ға қатыса алады:

2025 жылғы мектеп және колледж түлектері;
мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;
шетелде 11(12) сынып білім алушылары;
қандастар;
ЖОО-да шартты түрде білім алушылар.

ЖОО-ға шартты негізде қабылданған студенттер мен колледж түлектеріне төмендегі бес күннің бірін таңдау ұсынылады:

30 мамыр;
4 маусым;
9 маусым;
12 маусым;
16 маусым.

Ал қандастарға келесі алты күннің бірін таңдау ұсынылған:

30 мамыр;
4 маусым;
9 маусым;
12 маусым;
16 маусым;
28 маусым.

Тест тапсыру орны, күні мен уақыты өтініш беру кезінде талапкердің өз таңдауымен белгіленеді.
Биылғы мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!