Павлодардағы мектеп асханаларының бірінде 7-сынып оқушысы ботқасынан тірі құрт тауып алған еді. Оқиғадан соң мектеп басшылығы мен санитарлық дәрігерлер тексеріс жасады. Ал асхананы жалға алушы кәсіпкер болса, құрттың қайдан шыққаны белгісіздеп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Сурет сюжет кадрларынан

Оқиғадан кейін бірден білім беру мекемесінің директоры, бас ұстаз және ата-аналар қоғамдастығының өкілі тамақтандыру орнын тексерді. Олар ешқандай заң бұзушылық табылмағанын жеткізді.

“Ата-анамен бірге бұл ботқаны жеп көрдік, дәмі балғын. Білмейміз, ешқандай иіссіз немесе бұзылмаған, кәдімгі жаңа піскен ботқа. Содан кейін сол ботқа жасалған жарманың сертификат сұраттық. Сертификат барлық қажетті стандарттарға сай болды. Кейін жалға алушыдан қаптағы жарманы көрсетуін өтіндік. Ол жерде де бәрі қалыпты, ешқандай иіссіз, артық ештеңе болмады”,- деді Павлодар қаласы №42 мектеп жетекшісі Гүлнәр Топанова. 

Оқиғадан соң мектеп асханасын жалға беруші көзіне жас алды. Ол құрттың алма табағынан түсіп кетуі мүмкін екенін болжады. Мектептегі тамақтану орындарында алма да сатылады екен.

“Бұл жұмысымдағы бірінші жағдай. Және мұның біздің басымыздан өткеніне өкінемін. Бұл жер өте таза. Жұмыс істеп жатқанынма бірінші жыл емес. 100 пайыз тазалық бар. Көрмей жатып біреуді кінәлағым келмейді. Мұның қалай жасалғанын да көрмедім. Бірақ бұл құрт бізден емес”, – деді мектеп асханасын жалға алушы кәсіпкер Риза Әмденбаева.

Ата-аналар бұл жағдайға наразы. Олардың бұған дейін де мектеп асханасына қатысты шағымдары көп болған. Ал қазір көбі балаларына ол жерден тамақ ішуге тыйым салған.

“Шынымды айтсам, таң қалдым. Әрине, өте қорқынышты. Асханамыздың үстінен бірнеше рет шағымдандық, бірақ шара қолданылмады. Балаларға ұнамайды, тағамдарының дәмі жоқ. Мәселен, жыл бойы балық котлеттерін ғана береді. Оның үстіне тамақтары суып қалған”,- деді тұрғын Екатерина Лавренюк.

Ата-аналар жалға алушыларды ауыстырып болмаса қандай да бір шара қолдануды ұсынды. 

Еске салсақ, Павлодарда жалпы орта білім беретін мектептердің бірінде оқушы түскі астан құрт тапқанын хабарлаған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!