Фото: ortcom.kz
Paparaci.kz Қызылордада бұрын «жеңгетайлықпен» қылмыстық жауапқа тартылған адам мектепке жұмысқа алынған. Облыстық прокуратура білім беру ұйымдарын тексеру барысында бірқатар өрескел заң бұзушылықтарды анықтап отыр.
Мәселен, қаладағы 26 мектептің директоры мұғалімдерді ешқандай конкурс өткізбей жұмысқа қабылдаған. Ең сорақысы, кейбірінің соттылығы барына және жүйке ауруымен есепте тұрғанына көз жұма қараған. Және мұндай жағдай бір емес 5-6 білім беру ұйымынан анықталған. Сондай-ақ, информатика сабағында оқушылар ересектер мен құмар ойынның сайттарына емін-еркін кіріп, мұғалімдер тарапынан бақылау жүргізілмеген. Құзырлы орган жалған дипломмен жүрген педагогтарды да анықтап, олар бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қызылорда қаласының бір жеке мектебінде бұрын жеңгетайлықпен қылмыстық жауапқа тартылған қызметкер жұмысқа қабылданса, ал кейбір жағдайда бір мектептерде психиатрдың «Д» есебінде тұратын мұғалім сабақ жүргізіп келген,-деді облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары Әділжан Сыздықов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!