Қазіргі таңда «диплом таратумен» айналысатын 5 университетті жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр. Бұған дейін 15 жоғары оқу орны жабылды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында журналистердің сұрағына жауап берген Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты.

«Соңғы 2-3 жылдың аясында «диплом таратумен» айналысатын университеттермен жұмыс атқарылып жатыр. Оның ішінде қазіргі таңда 15 университет жабылды. Ал тағы 5 университетті жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр. Осы университеттерде нақты қанша студент оқып жатқанын дәл қазір айта алмаймын. Дегенмен әр оқу орнында орташа 2-3 мың студент оқиды десек, онда 10 мың студенттің айналасында болады», — деп жауап берді Қуаныш Ерғалиев.

Оның айтуынша, биыл 28 университетке мемлекеттік бақылау жүргізілген. Оның тең жартысы жоспарлы тексеріс болса, қалған жартысы профилактикалық мақсатта өткізілген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!