Фото: Qaz365.kz
Министр Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында доктарантураға берілетін степендия жайлы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
«3 жыл докторантурада оқып, PhD алып шыққаннан кейін осы оқыған уақыты университетке келгенде есепке алынбайды. Оқытушылықтан бастауына тура келеді. Бізде оқытушы, аға оқытушы, қауымдастырылған профессор, профессор деп бөлінеді. Профессорлыққа жеткенге дейін біраз уақыт өтеді. Мақалалар жазып, гранттарға қатысуы керек. Сондықтан ең алдымен PhD қағидаттарын өзгертіп жатырмыз. PhD шәкіртақысын көтереміз. Биыл 217 мың теңгеге жетті. Жыл сайын 20 пайыз көтеріліп отырады. Алдағы 4-5 жылдың ішінде 500 мың теңгеге дейін жеткізу жоспарымызда бар», – деді министр Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында.
Осы орайда министр өткен жылдан бастап үш жылдық «жас ғалым» гранттары беріле бастағанын айтады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!