Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2028-2029 оқу жылына дейін стипендия 100 пайыз өсетінін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы министр Мәжіліс кулуарында айтты.
«Магистратура, докторантура студенттері үшін шәкіртақы жыл сайын 20 пайызға өсіп отырады. 2028-2029 оқу жылына дейін 100 пайызға өседі. Мәселен, докторантураның шәкіртақысын осы уақытқа дейін 500 мың теңгеге жеткіземіз. Бұл – алдағы бесжылдыққа арналған жоспар», – деді министр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!