Астанада кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы 1-курстың 8223 студентін аралас форматта оқыту жоспарда бар.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.

Оның айтуынша, пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқытылады.

«Штаттық режимде 15 студенттен аспайтын шағын топтар оқытылады. Бұл ретте аудиториядағы студенттер 50%-дан аспауы керек. Штаттық режимде практикалық және зертханалық сабақтар (физика, химия, математика және т.б.) оқытылады. Ал тарих, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, өзін-өзі тану, мәдениеттану, әлеуметтану пәндерінен сабақ қашықтан өткізіледі», – деді ол.

Аралас форматта оқыту кезінде:

– аудиториядағы дәрістердің кестесі олардың басталу және аяқталу уақыты көрсетіліп жеке жасалады;

– аудиториядағы дәрістер кемінде 1,5 метр қашықтықты және бетперде режимін сақтай отырып жүргізіледі;

– сабақтар арасындағы үзіліс әрбір топ үшін жеке ұйымдастырылады;

– кітап үлестіру жөніндегі жұмысты қоспағанда, кітапханалардағы оқу залдары жабылады;

– студент, педагог, ата-аналарға санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқаулық беріледі;

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!