Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан қазір ведомство тәрбие жұмысының тұжырымдамасын әзірлеп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар арасында орын алып отырған зорлық-зомбылық фактілері балалар тәрибесіне қатысты кешенді көзқарастырдың қажеттігін көрсетіп отыр. Сондықтан министрлік тәрбие жұмысының тұжырымдамасын әзірлеуді қолға алды. Тұжырымдаманың негізгі өзегі – ұлттық адами құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие бер болып табылады. Осы бағыттағы жүйелі шешімдердің бірі әрбір мектепте ата-ана міндетін жүзеге асыруда олардағы жан-жақты қолдауға бағытталған ата-аналар академиясын құру болмақ. Министрлік барлық мүдделі органдармен бірге балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу бойынша кешенді жоспар әзірлеуде. Бұл құжат алдағы оқу жылына дейін қабылданады деп күтіп отырмыз», – деп тоқталды Еділ Оспан.

Сондай-ақ, ол қазір түрлі мәселесі бар 6 мың бала мектепішілік есепке алынғанын айтты.

Бұған қоса, өткен жылы бала алдындағы ата-ана міндетін орындамаған 7 мыңнан аса адам жауапқа тартылғанын мәлім етті.

Мұнымен қатар, ол министрлік ЖОО-ларда психологтарды даярлау бағдардамасына өзгеріс енгізуді ұсынатынына тоқталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!