Мұндай аттестаттау жүйесі техникалық сипаттағы мәселелерден бөлек, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын практикалық білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Елдегі мектептер қауіпсіздік бойынша аттестаттаудан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында айтты.

«Қауіпсіздік шараларын күшейту үшін жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша мына шараларды қабылдау көзделіп отыр: бақылау-өткізу режимінің жұмысын күшейту; келісімшарт аясында күзетшілерге қойылатын нақты талаптарды белгілеп алу; білім беру ұйымдарын қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша аттестаттау жүйесін дамыту», – деп жазылған жауапта.

Министрлік мамандарының пайымынша, мұндай аттестаттау жүйесі техникалық сипаттағы мәселелерден бөлек, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын практикалық білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!