Фото: BAQ.KZ – архив
Оқу-ағарту министрлігі балалардың кітап оқуға құштарлығын арттыру үшін білім беру ұйымдарында «Балалар кітапханасы» кешенді бағдарламасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оған әдебиеттің әртүрлі кезеңдері мен жанрларын қамтитын 1700-ден астам кітап кіреді.
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, бұл тізімді әзірлеумен М. Әуезов атындағы әдебиет институты, Жазушылар Одағы өкілдері және мектеп кітапханашыларынан құралған тәуелсіз комиссия айналысқан.
Тізімге балалар әдебиеті, поэзия және проза, драматургия, көркем журналистика, әдеби аудармалар, сондай-ақ ұлттық фольклор (ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер) кіреді. “Балалар кітапханасы” бағдарламасын жүзеге асыру үшін өңірлерге бекітілген көркем әдебиеттер тізімі жіберілді. Сондай-ақ мектеп кітапханасының қорын 2 млн данаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, – деді ведомство өкілі ОКҚ-да.
Жақында Оқу-ағарту министрі ақын-жазушылармен, балалар баспасы басылымдарының бас редакторларымен, Журналистер және Жазушылар одағының өкілдерімен, сондай-ақ республикалық кітапханалардың директорларымен кездесу өткізген болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!