Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, бала сол SIM-карта арқылы интернетке қосылса, міндетті түрде ата-аналардың рұқсаты сұралады. Қандай әлеуметтік желіде отырғанын бақылауға мүмкіндік береді.

«Бала сол SIM-карта арқылы интернетке қосылса, міндетті түрде ата-аналардың рұқсаты сұралады. Біз осындай жүйені енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл баланың интернетте қандай сайтқа кіргенін, қандай әлеуметтік желіде отырғанын бақылауға мүмкіндік береді», — деді Еділ Оспан.

Оның айтуынша, карта арқылы баланың интернетке кіретін уақытын да шектеуге болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!