Бұйрық жобасы 3 қазанға дейін талқыланады.
Елімізде балаларды мектепке қабылдауға қажетті құжаттарды тапсыру мерзімі өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрық жобасында жазылған.
Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжат қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жүзеге асырылады, – делінген құжаттың жаңа редакциясында.
Қолданыстағы талап бойынша бірінші сыныпқа баратын балалардан құжат қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүреді. Енді ол тамыздан кейін де жалғаса беруі ықтимал.
10, 11, 12-ші сыныптарға оқушылардан құжат қабылдау мерзімі де өзгереді.
Оныншы, он бірінші, он екінші сыныптарға білім алушыларды қабылдау олардың жеке өтініші не ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішінің және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат негізінде жүзеге асырылады. Өтініш күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін қабылданады, – деп жазылған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрық жобасында.
Бүгінгі күнге дейін аталған сыныптарға балалардан құжат қабылдау 15 тамызда аяқталатын. Енді оның уақыты 31 тамызға дейін ұзармақ.
Бұйрық жобасы 3 қазанға дейін талқыланады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!