Елімізде жаңа ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дархан Ахмед-Заки жаңа вице-министр болды.
Мұны 12 қыркүйекте үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Үкімет қаулысымен Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды.
Дархан Ахмед-Заки 1981 жылы 29 наурызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
2022 жылы қарашадан 2023 жылы қыркүйекке дейін ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!