Фото: depositphotos.com

Биыл Қазақстанда мектепті 188 мыңға жуық оқушы тәмамдады. Ал жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың, кейінірек қосымша 10 мың грант бөлінді. Сандарға қарап, барлық түлектің мемлекеттік білім тапсырысымен тегін білім алу мүмкіндігіне ие емес екенін түсінуге болады. Сондықтан грант жеңе алмағандар оқу ақысын өз қалтасынан төлейді. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі еліміздегі жоғары оқу орындарындағы ақылы оқу бағасына шолу жасады.

Елімізде барлығы 112 жоғары оқу орны жұмыс істеп тұр, оның ішінде 77 университет, 14 академия, 10 институт және оларға теңестірілген консерваториялар, жоғарғы мектептер мен училищелер бар.

Сонымен қазақстандық университеттерде ақылы негізде оқу қанша тұрады?

Төменде қазақстандық түлектер ағылатын Алматы мен Астанада орналасқан ең танымал университеттер тізілді.

  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Университетте студенттер 9 сала бойынша білім алады. Қазақстанда айтарлықтай танымал университетте ақылы негізде оқу құны 1 миллион теңгеден басталады. Педагогика ғылымдары бойынша бакалавриатта оқу құны – 1 миллион 140 мың теңге;әлеуметтік ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бойынша оқу құны – 1 миллион 210 мың теңге; инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша оқу құны – 1 миллион 220 мың теңге;өнер және гуманитарлық ғылымдар бойынша оқу құны – 1 миллион 270 мың теңге;ал бизнес, басқару және халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқу құны – 1 миллион 300 мың теңге; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша оқу құны – 1 миллион 330 мың теңге.

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Университетте студенттер 16 сала бойынша білім алады. Білім беру бағдарламасының ең төменгі құны 500 мың теңгеден басталады. Педагогика ғылымдары бойынша бакалавриатта оқу құны – 1 миллион 100-200 мың теңге; өнер және гуманитарлық ғылымдар, қызмет көрсету, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласы бойынша оқу құны – 1 миллион 100 мың мен 1 миллион 400 мың теңге арасында; бизнес, басқару және құқық саласы бойынша оқу құны – 1 миллион 400 мың мен 1 миллион 700 мың теңге арасында;жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бойынша оқу құны – 1 миллион 100 мың теңгеден бастап, 200 мың теңгеге дейін барады; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қызмет көрсету салалары және инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша оқу құны – 1 миллион 100 мың теңге; ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласы бойынша оқу құны – 1 миллион 200 мың теңге; денсаулық сақтау салалары бойынша оқу құны – 1 миллион 300 мың және 1 миллион 700 мың теңге арасында; осы саладағы «медбике ісі» білім беру бағдарламасының оқу құны – 500 мың теңге; ұлттық қауіпсіздік және әскери іс салалары бойынша оқу құны – 1 миллион 700 мың теңге; техникалық және орта кәсіптік білім салалары бойынша – 700-800 мың теңге арасында; екінші жоғары білім алуға барлық білім беру бағдарламасы бойынша – 1 миллионнан бастап 1 миллион 200 мың теңгеге дейін.

Фото: университеттің баспасөз қызметі

  • Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Жоғары оқу орны 58 сала бойынша білім береді. Барлық білім беру бағдарламасының бағасы бірдей, яғни – 750 мың теңге. Университетте қашықтан оқу мүмкіндігі бар, оның құны – 650 мың теңге.

  • Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Академия 7 сала бойынша білім береді. Білім ордасында мамандықтарды қысқартылған оқу форматында оқуға мүмкіндік бар. Орындаушылық өнер, режиссура, арт-менеджмент, өнертану, хореография, аудиовизуалды өнер және медиа өндіріс, бейнелеу өнері, сән, дизайн салалары бойынша оқу құны – 869 мың мен 987 мың теңгенің арасында. Мұнда бір жылға оқу ақысы 3 курс бойы бір бағада тұрса, 4-ші курста айтарлықтай төмендейді.

  • С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Университ 3 сала бойынша білім береді. Жалпы денсаулық сақтау мамандықтары бойынша оқу ақысы – 550 мың теңгеден басталып, 2миллион 100 теңгеге дейін барады. Ал фармацевтикалық өндіріс технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша оқу ақысы – 1 миллион 111 мың 400 теңге.Бизнес және басқару саласы бойынша оқу ақысы – 905 мың 800 теңге.Бұдан бөлек, студент әскери дайындықты игергісі келсе, қосымша 138 мың 900 теңге төлеп, оқи алады.

Фото: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі

  • Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Жоғары оқу орнының білім беру жүйесі 7 институтқа бөлінген, барлығы 71 білім беру бағдарламасы бар. Оқу құны – 892 мың 200 теңгеден бастап, 1 миллион 111 мың 380 теңгеге дейін барады.

  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетi

Университет 6 сала бойынша білім береді. Педагогикалық ғылымдар бойынша ақылы негізде білім алу құны – 855 мың теңге; өнер және гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және қызмет көрсету салалары бойынша оқу құны – 950 мың теңге.

  • Қазақ ұлттық өнер университеті

Университет 9 білім бағдарламасы бойынша студенттерді даярлайды. Мұнда ақылы негізде білім алу құны барлық мамандық иесі үшін – 940 мың теңге.

  • Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Өкінішке қарай, білім ордасының сайтынан 2024-2025 оқу жылына арналған оқу ақысын таба алмадық. Бірақ былтырғы оқу ақысы бар. Құжатта консерватория студенттерді 9 мамандық бойынша дайындайтыны көрсетілген. Музыкалық білім беру, вокалдық өнер, композиция, музыкатану, аспаптық орындаушылық, дирижерлеу, музыкалық театрдың режиссурасы салалары бойынша оқу құны – алғашқы 2 жыл 911 мың 883 теңге, кейінгі 2 жыл 811 мың 883 теңге; дәстүрлі музыка өнері саласы бойынша оқу құны – алғашқы 2 жыл 830 мың теңге, кейінгі 2 жыл 730 мың теңге; арт-менеджмент саласы бойынша оқу құны – алғашқы 2 жыл 730 мың теңге, кейінгі 2 жыл 630 мың теңге. 

Фото: conservatoire.edu.kz

  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Университет 7 сала бойынша білім береді. Педагогикалық ғылымдар саласының мамандықтарына оқу құны – 900 мың теңгеден 950 мың теңгеге дейін; өнер және гуманитарлық ғылымдар, ақпараттық технологиялар бойынша оқу құны – 1 миллион 130 мың теңге; әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары, журналистика және ақпарат, математика және статистика, бизнес және басқару, құқық, қызметтер салалары бойынша оқу құны – 950 мың теңге.

  • Назарбаев университеті

Университетте білім беру жүйесі 5 мектепке бөлінген. Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық, инженерлік және цифрлық, тау-кен және жер туралы ғылымдары бойынша оқу құны – халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін 1 миллион 431 мың теңгеден 1 миллион 908 мың теңгеге дейін; ал қалғандары үшін 5 миллион 724 мың теңгеден 7 миллион 632 теңгеге дейін; медицина мектебінде оқу құны – барлық азамат үшін 5 миллион 342 теңгеден 14 миллион 310 теңгеге дейін.

Фото: nu.edu.kz

  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

Университет 6 білім бағдарламасы бойынша студенттерді даярлайды. Ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, менеджмент және басқару, қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі мамандықтары бойынша оқу ақысы – 1 миллион 338 мың теңге, оқу ақысы жыл сайын қымбаттап, 1 миллион 530 мыңтеңгеге дейін барады; байланыс және коммуникациялық технологиялар бойынша оқу ақысы – 1 миллион 29 мың теңге, оқу соңына дейін 1 миллион 170 мың теңге; журналистика және репортер ісі бойынша оқу ақысы – 1 миллион 200 мың теңге, оқу соңына дейін 1 миллион 320 мың теңге. 

  • Астана медицина университеті

Университет 10 мамандық бойынша білім береді. Жалпы медицина, стоматология бойынша оқу ақысы – 1 миллион 900 мың теңге, оқу орнында курс жоғарлаған сайын оқу ақысы арзандай түседі, сондықтан 4 курста оқу ақысы – 1 миллион 100 мың теңге болады; педиатрия, медициналық-профилактикалық іс бойынша оқу құны – 1 миллион 250 мың теңге;фармация бойынша оқу құны – 1 миллион 150 теңге; қоғамдық денсаулық/денсаулық сақтау, менеджмент бойынша оқу құны – 1 миллион теңге; медбике ісі, кинезитерапия, эрготерапия бойынша оқу құны – 770 мың теңге.

  • Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Университет 5 сала бойынша білім береді. Педагогикалық ғылымдар бойынша оқу ақысы –  1 миллион 100 мың теңге; өнер және гуманитарлық ғылымдар бойынша оқу ақысы – 850 мың теңгеден 1 миллион 100 мыңға дейін; әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бойынша оқу құны – 900 мың теңгеден 1 миллионға дейін;бизнес, басқару және құқық, қызметтер бойынша білім алу құны – 800 мыңнан 900 мың теңгеге дейін.

  • КИМЭП университетi

Университет 5 сала бойынша білім береді. Мұнда оқу ақысы білім беру бағдарламасының кредит санына байланысты есептеледі. Оқу орнында бір кредит бағасы – 126 мың 710 теңге тұрады. Мысалы, қаржы мамандығы бойынша студент барлығы 146 кредит алуы тиіс. Бұл сандарды көбейтсек, бір жылға оқу ақысы шығады, сонда қаржы мамандығының 4 жылға оқу ақысы – 18 миллион 499 мың 660 теңге, ал бір жылға, шамамен – 4 миллион 624 мың 915 теңге шығады. 

Сонымен, университеттегі Бэнга атындағы бизнес факультетінің мамандықтарында 146 кредит, оқу ақысы 4 жылға – 18 миллион 499 мың 660 теңге.

Әлеуметтік ғылымдар, құқық, гуманитарлық ғылымдар және білім беру, информатика және математика факультеттерінің мамандықтарында да 146 кредит.

(Ақпаратты университеттің қабылдау комиссиянан нақтылау қажет)

Фото: web.kimep.kz

  • Сулейман Демирел университеті

Оқу орнында 4 сала бойынша білім беріледі. Құқық және әлеуметтік ғылымдары бойынша оқу ақысы – 1 миллион 140 мыңнан 1 миллион 560 мың теңгеге дейін; педагогика және гуманитарлық ғылымдары бойынша оқу ақысы – 1 миллион 80 мыңнан 1 миллион 560 мың теңгеге дейін;инженер және жаратылыстану ғылымдары бойынша оқу ақысы – 1 миллион 140 мыңнан 1 миллион 680 мың теңгеге дейін; бизнес бойынша оқу ақысы – 1 миллион 770 мыңнан 1 миллион 980 мың теңгеге дейін барады.

  • Алматы Менеджмент Университеті

Университте білім беру жүйесі 8 мектепке бөлінген. Білім беру мамандықтарының құны 1 миллион 600 мың теңгеден басталып, 2 миллион 700 мың теңгеге дейін жетеді.

  • Алматы технологиялық университеті

Университетте 3 сала бойынша білім беріледі. Тағам технологиялары, дизайн, текстиль және киім технологиялары, инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеттеріндегі білім беру бағдарламаларының оқу ақысы – 800 мың теңге; экономика және бизнес факультетіндегі білім беру бағдарламаларының оқу ақысы – 780 мың теңге.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!