Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы қара-көк түсті бірыңғай мектеп формасын енгізді деп хабарлады turkystan.kz.

«Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын сақтау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының барлық білім беру ұйымында оқушылар бірыңғай қара-көк түсті мектеп формасына көшірілді. Бірыңғай мектеп формасы бекітілгеннен кейін қала мектептерінің басшылары жалпы мектептік ата-аналар жиналыстарында ата-аналарды мектеп формасын сақтау талаптарымен таныстырады», – делінген Білім басқарманың сайтында.

Ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайды. Ең бастысы, сатып алынған форма төменде жазылған талаптарға сәйкес келуі керек:

  • мектеп формасының түсі – қою көк.
  • мектеп формасы классикалық стильде жасалған;

Ұлдарға арналған мектеп формасы мыналарды қамтиды:

  • пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде, (суық мезгілде: трикотаж жилет). Ұлдарға арналған еркін пішілген шалбарлар ұзындығы бойынша аяқтың тобығын жабуы тиіс.

қыздарға арналған мектеп формасы мыналарды қамтиды:

  • пиджак, көкірекше, юбка, шалбар, классикалық ақ блузка, сарафан (суық мезгілде: тоқылған көкірекше, ақ водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін пішіліп, ұзындығы бойынша тобықты жабуы керек, белдемшенің ұзындығы тізеден 5 см-ден аспайды;

Айта кетсек, мектеп формасына түрлі конфессиялардың діни киім элементтерін енгізуге жол берілмейді.

Мектеп формасына орта білім беру ұйымдарының айырым белгілері (эмблема, жапсырма және т.б.) орналастырылады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет) сыртқы бөлігіне орналастырылады. Эмблема эскизін мектептен алуға немесе мектеп сайтында жүктеуге болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!