Елордада мектептер дүйсенбіден бастап жабылуы мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Прәлиева айтты.

«Күнде оқушылардың, оқытушылардың коронавирус жұқтырып жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан мектептерді жабуды жоспарлап отырмыз. Екінші тоқсанның соңына дейін барлық мектепті жауып,  бәрін онлайн оқуға жібереміз. Мүмкін дүйсенбіден бастап жабуымыз мүмкін», – деді ол брифингте.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жанна Прәлиева елордада карантинді күшейтуге қатысты пікір білдірген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!