Фото: Астана әкімдігі

Жаңа оқу жылы қарсаңында Астанадағы білім беру нысандарына тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Елордадағы мемлекеттік білім беру нысандарына, яғни мектеп, колледж, балабақша ғимараттарының қауіпсіздігі мен биыл жүргізілген құрылыс жұмыстары, санитарлық жағдайлары тексеріліп жатыр, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік. 

Қазіргі уақытта білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығы 5 аудан әкімдіктері, Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Білім басқармасы мамандары тарапынан тексеріліп жатыр, – деп қосты ведомство.

Жалпы, тексеріс барлық білім беру нысанын қабылдау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауіпсіздігі талаптарына, сондай-ақ спорт ғимараттарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне байланысты жүргізіледі.

Бұл жұмыстар алдағы 10 тамызға дейін аяқталуға тиіс. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!