Елордада бірнеше мектептің мұғалімдері жалған дипломмен балаларға білім берген.

Қалалық прокуратура білім беру ұйымдары қызметінің заңдылығын тексеру барысында мұғалімдердің жалған дипломды пайдалану фактілерін анықтаған.

«Жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімі жалған диплом көрсетіп, балаларды оқыту құқығына ие болған», — деп жазылған Астана қаласы прокуратурасының Facebook парақшасында.

Хабарламада айтылғандай, Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Аталған ұстаздардың педагогикалық қызметі тоқтатылды», — дейді ведомстводан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!