Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстан мектептерінде француз тілін қайта оқытуды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Макрон қазақстандық мектептерде француз тілін оқытудың маңыздылығын мәлімдеді.
«Әрине, мәдени байланыстардың көбірек болғанын қалаймын. Біз қарым-қатынасымыздың одан әрі дамығанын қалаймыз. Француз тілін қазақ мектептерінде қайта оқыту үшін бар күшімізді салуға дайынбыз. Мен білім беру ұйымдары арасында қол қойылған үкіметаралық келісімге үлкен үміт артамын», – деді Франция президенті.
Макрон Франко-Қазақстан университеті 2024 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейтінін айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!