Гарвард студенттері Қазақстанда тағылымдамадан өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Ғылым министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та Harvard University өкілдерімен кездесті. Іс-шара барысында Гарвард студенттерінің Қазақстанда тағылымдамадан өтуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Саясат Нұрбек Harvard Innovation Lab, The New England Commission of Higher Education, Davis Center fo Russia and Eurasia studies Harvard Kennedy School басшылығымен, Дуглас Диллон атындағы мемлекеттік басқару профессоры Грэм Аллисон және Гарвард Кеннеди мектебінің халықаралық қаржы және даму жөніндегі Sumitomo – FASID профессоры, Халықаралық даму орталығының директоры Азим Кхваджамен кездесу өткізді. Іс-шара барысында ведомство басшысы Қазақстандағы жоғары білім мен ғылым жүйесі, министрлік алдында тұрған перспективалар мен басымдықтар туралы айтып берді. Сондай-ақ ҚР жоғары білімін дамыту мақсатында жетекші әлемдік жоғары оқу орнымен серіктестік ұсынылды», – делінген хабарлама.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!