KAZINFORM – Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында колледждердегі білім сапасы неге төмен екенін айтты.

Қазіргі таңда 270 мемлекеттік колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартуға қажеттілік бар. Бұл білім ұйымдары оқу процесінде моральдық тұрғыдан ескірген жабдықты пайдаланады. Тиісінше жекелеген жағдайларда жұмысшы мамандар даярлаудың сапасының төмендеуі және түлектер алып шығатын дағдылардың заманауи өндірістік талаптарға сәйкес келмей жатыр, – деді министр.

Ғани Бейсембаев 2025-2027 жылдары колледждерді заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жоспары бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, колледж студенттерін жатақхана орындарымен толық қамтамасыз ету маңызды. Қазіргі таңда, колледж студенттері үшін жатақхана тапшылығы 6 мың орыннан жоғары.

Ең үлкен тапшылық Алматы және Астана қалаларында және Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген.

Жоспарға сәйкес жергілікті атқарушы органдар жатақханаға мұқтаж студенттерді жатақхана орындармен толықтай қамтамасыз етуі тиіс, – деді Оқу-ағарту министрі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!