ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздің университеттерінде оқу бағасына талдау жүргізілді. Нәтижесінде оқу құнының күрт өсуі тіркелмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Университеттердегі оқу құнына қатысты мәселе мезгіл сайын туындап тұрады. Біз биыл және өткен жылы оқу ақысына талдау жасадық. Біз үнемі мониторинг жүргізіп отырамыз және инфляциялық көрсеткіштер шегінде құнның көтеріліп жатқанын көріп отырмыз. Өткен жылы бұл шамамен 14-16 пайыз болды. Міндетті инфляцияны ескере отырып, біз бағаның күрт өсуін байқамадық. Бұл ретте біз сапалы білім беру – оқытушыларға лайықты жалақы төлеу арқылы ғана қамтамасыз етілетінін түсінуіміз керек», – ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Бұдан өзге, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр «диплом таратумен» айналысып келген 15 университет жабылғанын мәлім етті. Тағы 5 оқу орнын жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!