Ғылымның дамуы – мемлекет дамуын айқындайтын көрсеткіштің бірі. Соңғы жылдары елімізде Мемлекет басшысының қолдауымен ғылымды қаржыландыруға баса назар аударылуда.

Университет басшылығы тарапынан да ғылымды дамытуға басымдықтар берілуде. 2022 жылы Коммерцияландыру бөлімнің ұйымдастыруымен  «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Басқарма төрағасы – Ректор гранты  аясында жас ғалымдардың  ғылыми-зерттеулері» конкурсы өтті. Ректор грантына үміткер ретінде университет бойынша 22 ғалым қатысып, нәтижесінде 6 жас ғалымға қайтарымсыз Ректор гранты табысталды.

Ғалымдарымыздың әлеуетін көтеру мақсатында «Ғылым қоры» акционерлік қоғамымен бірлесіп университеттің профессор-оқытушылар құрамымен бірнеше рет онлайн форматта семинарлар өткізілді. Ғылымды дамыту, коммерцияландыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, «Qazpatent» ұлттық зияткерлік меншік институты мамандарымен бірлесіп зияткерлік меншік пен ғылыми жаңалықтарға патенттер, авторлық куәліктер алу, ғалымдардың жаңалықтарын құқықтық қорғау бойынша онлайн вебинарлар өткізілді. «Qazinnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның өкілдерімен технологияларды коммерцияландыру бойынша семинар ұйымдастырылды. 

Жергілікті уран өндіру компаниялармен іскерлік байланыстар орнатылып, университет ғалымдарынан құралған топ Жаңақорған ауданына Хорасан У компаниясының өндіріс орындарына барып, өндіріс процесімен танысып қайтты. Аталған компания басшылары университетке келіп ғалымдармен кездесу өткізді. Өндірісте шешімін табу керек мәселелер, алдағы уақытта орындалатын жобалар мен университет ғалымдарының ұсыныстары талқыланды.

Технологияларды коммерцияландыру бойынша  университет ғалымдарының жобалары  «Ғылым Қоры» АҚ-ың жарияланған конкурсына ұсынылуда.  Атап айтсақ, «Қауынның жергілікті сорттарынан кептірілген өнімдер өндіру» (Жоба құны: 38млн.тг. Жоба жетекшісі: С.О.Қосанов), «Күріш сабанынан целлюлоза алу технологиясы» (Жоба құны: 50 млн.тг. Жоба жетекшісі: Н.О.Аппазов), «Ауылшаруашылығы қалдықтарын TERRA PRETA органикалық тыңайтқышына айналдыру технологиясы» (Жоба құны: 30 млн.тг. Жоба жетекшісі: Н.О.Аппазов)жобалары әзірленді.

Қазіргі уақытта университет ғалымдарының бастамасымен 5 шаруашылықпен келісім жасалып, жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, 2023 жылға университет ғалымдарының ғылыми жобалар каталогы әзірленді.

Алдағы уақытта Коммерциаландыру саясаты ережесін бекіту жоспарлануда.

Нұржан ЕДІЛБАЕВ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
Коммерцияландыру бөлімінің басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!