Фото: istockphoto.com

2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлердің грант иегері атануы үшін қосымша мүмкіндіктер жөнінде ақпарат ұсыну мақсатында арнайы Call-орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, сall-орталығы арқылы талапкер қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат ала алады.

Байланыс нөмірлері: 8(7172) 69-50-69, 8(7172) 69-52-92, 8(7172) 69-50-71.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 09:00 – 18:00

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!