Қызылорда облысында апатты мектептердің мәселесін шешу күн тәртібінен түспейді. Бұл туралы аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы есепті кездесуінде айтты.

Қызылорда облысында пандемияға байланысты бүгінгі күні оқушылардың 49 пайызы қашықтан, 51 пайызы дәстүрлі форматта білім алуда. Қашықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру мақсатында мектептердің балансындағы 14 мыңнан астам компьютер оқушыларға берілген. Өңірге Үкімет резервінен 3,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, 22 870 дана құрылғы сатып алынды. Сондай-ақ, жергілікті бюджет және демеушілер есебінен 4 мың компьютерлік техника сатып алынып, мұқтаж балаларға таратылды.

Сонымен қатар, 2020 жылы аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды ауыл балаларына арналған гранттардың саны 150-ге көбейген.

«Апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін шешудеміз. Өткен жылы Жалағаш ауданы, Шәменов ауылындағы апатты мектеп орнына жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берілді. Жаңақорған кентіндегі мектептің құрылысы жүргізілуде. Арал қаласындағы апатты мектептің құрылысын биыл бастаймыз. Инвесторлар есебінен 500 орынға лайықталған бір мектеп салынса, қазіргі таңда Қызылорда қаласы Саяхат мөлтек ауданынан 300 орындық бір мектептің құрылысы жүргізілуде», – деді аймақ басшысы.

Kyzylorda-news.kz.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!