«ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН: ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ

ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ»

тақырыбындағы жас ғалымдар арасында өткізілетін халықаралық

ғылыми-практикалық конференциясының

ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережесі

«Ыбырай Алтынсарин: Жалпыұлттық педагогиканың қалыптасу тенденциялары» тақырыбындағы жас ғалымдар арасында өткізілетін халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын (бұдан әрі – Конференция) Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы,Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Жаңа-Ру» жастар коалициясы мен «Alem Science» халықаралық ғылыми журналы ұйымдастырады.

Конференцияныңөтетін орны:Жамбыл облысы, Тараз қаласы.

Конференцияны өткізу мерзімі: 10 қараша2021 жыл.

Конференцияның мақсаты мен міндеттері

Конференция педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылады. Негізгі мақсаты – қазақ даласында ілім мен білімнің қалыптасып, дамуына үлес қосқан тарихи тұлғаның шығармашылығы мен өмір жолын халықаралық деңгейде насихаттау. Сонымен қатар, жалпыұлттық педагогиканың тарихына үңілу арқылы бүгінгі жаһан тенденцияларын бағамдау.

Конференция қатысушылары

  1. Конференцияға білім беру ұйымдарының, халықаралық және республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, халықаралық, ұлттық ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, студент, магистрант, докторанттар, PhD докторлары және колледж оқытушылары қатыса алады.
  2. Конференцияға халықаралық деңгейдегі 14 – 29 жас аралығындағы жас ғалым қатыса алады. Ғылыми мақала жетекшісінің жас мөлшері маңызды емес.

Конференцияның негізгі бағыттары

1-бағыты – Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектері және оның бүгінгі маңызы;

2-бағыты – Жалпыұлттық педагогиканың қанат жаюы және Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер.

Конференцияны өткізу формасы және мазмұны

  1. Материал автор жүргізген жұмыстың сипаты, мазмұны және нәтижесі туралы анық көрініс беруі тиіс.
  2. Мақаланың мазмұны мен жіберілген қателеріне автор жауап береді.
  3. Конференцияға қатысушылар баяндамасының электронды нұсқасын жіберуі керек.
  4. Конференция жинағында жарияланған барлық мақалалардыңPDF-нұсқасы қатысушының электронды мекенжайына жіберіледі.
  5. Мақаланы жинаққа енгізу үшін 1.1-қосымшадағы Мақала авторларына қойылатын талаптарментанысу қажет.
  6. Барлық қатысушыға конференцияға қатысқандығын растайтын сертификат, ал ғылыми мақаласының мазмұны озық шыққан қатысушыларға арнайы орындар тағайындалып, диплом беріледі.
  7. Келіп түскен материалдар конференция тақырыбына және рәсімдеу талаптарына сәйкес келмеген немесе қабылдау мерзімі өтіп кеткен жағдайда ұйымдастыру комитеті мақалаларды жарияламауға құқылы.
  8. Барлық қатысушылар конференция материалымен қатар 1.2-қосымшадағы Өтінімді толтырып жіберуі тиіс.

Ұйымдастыру комитетіне құжаттарды ұсыну тәртібі

Мақалаларды қабылдау (қоса алғанда):2021 жылдың 31қазанға дейін.

Конференцияның ресми тілдері:қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияны өткізу түрі:қашықтан (онлайн) немесе офлайн.

1.1-қосымша

Мақала авторларына қойылатын талаптар

РедакторMicrosoft Word
Беттің көлеміA4, 5 бет
Беттің параметрлерісол жақта 2,5 см, оң жақта 5,5 см, жоғарғы жағы 3,0 см және төменгі жағы – 3,5 см
ШрифтTimes New Roman
Жоларалық интервалы1.0
Абзацтың шегінісі1,25 см.
Сурет, кесте, диаграмма, формулаға арналған талаптарФормулалар Microsoft Equation 3.0 редакторымен терілуі керек. Кестелердің, сызбалар мен суреттердің атауы көрсетіліп, нөмірленуі қажет

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

МАҚАЛАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ(12 кегль)

Авторлардың аты-жөні(12 кегль)

Лауазымы, оқу орны немесе қызмет орны, қала, мемлекет атауы

e-mail, тел.номері   (10 кегль)

Аннотация: 50-100 сөз (12 кегль)(қазақ, орыс, ағылшын тілдері)

Түйін сөздер: 5 сөзден кем емес (12 кегль)

Мақала мәтіні:  (12 кегль)

Қолданылған әдебиеттер тізімі (12 кегль)

1

1.2- қосымша

«ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН: ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ

ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ»

тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық

конференция жұмысына қатысуға

ӨТІНІМ

Тегі,аты, әкесінің аты 
Облыс, қала, аудан, ауыл 
Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, лауазымы 
Қалааралық коды көрсетілген телефон, ұялы телефон 
E-mail  
Баяндаманың (мақаланың)аты 
Аталған секцияларға баяндама ұсыну (секция нөмірін көрсету)

«Өтінімде» мәліметтер толық көрсетілуі тиіс!

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

Таразқаласы, Қ.Қойгелді көшесі, 190

Байланыс номері:8 /7262/ 45-45-99

Көркемжан – 8 747 445 55 92

Мұқтарәлі – 8 700 674 16 07

g-mail:alemscience@gmail.com

Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!