Болашақ химиктерге, медицина саласын таңдап отырғандарға және дәрігер болғысы келетіндерге міндетті түрде химияны білу қажет. Ал химияның негізі – мектептегі химия сабағынан басталады. Егер мектепте химия пәнін түсінбей қалсаң, болашақта бұл үлкен кедергіге айналады. Сондықтан мектепте химияны барынша түсініп, түсінбегеніңді мұғалімнен сұрап, ерінбей оқып, дайындалған жөн.
Химияда оқушыларды қызықтыратын құбылыстар аз емес. Қызығушылық адамның рухани және дене күшінің дамуының аса маңызды шарттары болып, ой-өрісін кеңейтіп білім алуға жетелейді. Оқушы қызықты сабақты зор ынтамен қабылдайды және жақсы оқиды. Жаңа заманауи технологиялар даму заманында мұғалімнің күнделікті сабақта компьютер, интерактивті тақта қолдануы сабақ кезеңің тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Химия пәнінің ерекшелігі сабақ барысында химиялық эксперименттер болуы, бірақ көптеген себептер болғандықтан кейбір зертхана жұмыстары сабақ барысында өткізілмейді. Осындай кездерде электрондық оқулықтар, бейнетәжірибелер қолданылады. Олардың тиімділігі тәжірибені қайта көрсетіп қайталау мүмкіндігі, жақсы көрінуі, қауіпсіздігі. Сабақта интерактивті тақта қолдану сабақ үрдісін тиімді қолданумен қатар оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне, үнемделген уақыт оқушылардың өз бетінше білім алуына себеп болады.
Баланың оқуға деген ынтасы казіргі кезде төмендеп бара жатқаны мұғалімдерге мәлім. Қандай болсын мұғалім осы мәселемен күнделікті кездеседі. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығына, қызығушылығына тікелей байланысты. Көпжылдық еңбек нәтижесінде көріп жүргеніміздей, оқушылардың оқуы сонымен білім сапасы оқу барысында ғана сабаққа тікелей қатысуы, сабақ барысында тек мұғалімнің айтқанын ғана жазып, сызып қоймай өз бетінше білім алуға жағдай жасалуы керек. Сонда ғана оқушы білімге өзі ұмтылатыны және алған білімін одан әрі дамытуға қызығатыны анық.

Анар ӘТЕЕВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!