Инклюзивті білім беру туралы ең үздік материалдарға журналистер мен әлеуметтік желілерді қолданушылар арасында жарияланған «Әр бала мектепке лайықты» аттыконкурстың ЕРЕЖЕСІ Конкурстың мақсаты: Инклюзивті қоғамды және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін тең мүмкіндіктердіқалыптастыру. Конкурстың міндеті: аутистикалық спектрдің ауытқуларына ұшыраған балаларға қоғамныңтөзімді қарым-қатынасын қалыптастыру;- халықты инклюзивті білім берудің міндеттері мен артылықшылықтары туралы хабардар ету;- аутистикалық спектрдің ауытқуларына ұшыраған балаларды қоғамға бейімдеу практикасы мен сәттітәжірибесін жария ету;- мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары және техникалық білім берудің барлық деңгейлеріндегі сапалы, инклюзивті, тең құқылы қазақстандық тәжірибені жария ету.- Ұйымдастырушы: «Болашақ» корпоративтік қоры. Жүлде қоры 1 500 000 (бір жарым миллион) теңге: 5 номинация: 1) Үздік телевизиялық жұмыс – 350 000 (үшжүз елу мың) теңге. I орын – 200 000 теңге. II орын – 100 000 теңге. III орын – 50 000 теңге. 2) Үздік әлеуметтік ролик – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге. I орын – 200 000 теңге. II орын – 100 000 теңге. III орын – 50 000 теңге. 3) Баспасөз бетіндегі үздік жарияланым – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге. I орын – 200 000 теңге. II орын – 100 000 теңге. III орын – 50 000 теңге. 4) Үздік интернет-мақала – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге. I орын – 150 000 теңге. II орын – 70 000 теңге. IIIорын– 30 000 теңге. 5) Үздік интернет жарияланым/пост – 200 000 (екіжүзмың) теңге. Iорын – 150 000 теңге. II орын – 70 000 теңге. III орын – 30 000 теңге. Конкурс шарттары: – Қатысушы бірнемесе бірнеше номинация бойынша Конкурстық жұмысты 2021 жылғы 1наурыздан кешіктірмей ұсынуға міндетті; – барлық номинациялар бойынша конкурстық жұмыстар2020 жылғы 1 тамызданбастап 2021 жылғы 1 наурызды қоса алған уақыт аралығындажасалған болуы тиіс; – жұмыстар техникалық сипаттамаға сәйкес келуі және Қатысушының ақпараттық ресурстарында (телеарна, ақпараттық порталдар, мерзімді баспасөз, ресми сайттар, әлеуметтік желілер және т.б.) орналастырылуы тиіс; – әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларда жарияланған жұмыстарконкурстың «Әр бала мектепке лайықты» деген ресми атауымен және #КаждыйРебенокДостоинШколы #ӘрБалаМектепкеЛайықты #EveryChildWantsToBeIncluded #Bolashakcharity #Аутизм #Фондсоциальныхизмененийхештегтерімен белгіленуі тиіс; – Ұйымдастырушыдан толтырылған Өтінімдіжәне материалдардықабылдағаны туралы растау электрондық пошта арқылы алынған күннен бастап өтінім қабылданған деп есептеледі; – Конкурсқа жекелеген жеке тұлғалармен қатар Авторлық топтардың да қатысуға құқығы бар. Авторлық топ Конкурсқа бір Қатысушы ретінде қарастырылады; – Конкурсты өткізу мерзімі ұзартылған жағдайда, Ұйымдастырушы қосымша ақпаратты «Болашақ» КҚ-ның www.bolashakcharity.kz ресми сайтында жариялайды; – Конкурсқа қатысуға өтінім Конкурсқа әлеуеттті қатысушы осы Ереженің талаптарымен және шарттарымен келісетінін білдіреді; – 2021 жылғы 1наурыздан кейін түскен өтінімдер қарастырылмайды; – Өтінім Конкурстың шарттарына және техникалық сипаттамаларысәйкес келмесе, қарастырылмайды; – өтінімдер рецензияланбайды және кері қайтарылмайды. Конкурс кезеңдері: Iкезең – Конкурсқа өтінімдерді қабылау – 2020 ж.1 қыркүйек– 2021 ж. 1 наурыз ІІкезең –өтінімдерді техникалық сипаттамаға сәйкес іріктеу – 2021 ж. 1-5 наурыз ІІІкезең – Қазылар алқасының материалдарды қарауы–2021 ж.9-24 наурыз ІVкезең – Жеңімпаздардың тізімін қалыптастыру – 2021 ж.25 наурыз Vкезең – Конкурстың Жеңімпаздарын марапаттау – 2021 ж.2 сәуір Техникалық сипаттама: 1 Үздік телевизиялық жұмыс ҚР республикалық және өңірлік телеарналарында эфирге шығарылған телевизиялық жанр жұмыстары, оның ішінде жаңалықтар сюжеті, репортаждар, бағдарламалар, ток-шоу, деректі кино қабылданады 2 Баспасөз бетіндегі үздік жарияланым ҚР БАҚ-да жарияланған кемінде1 500 символ бармақалалар қабылданады 3 Үздік интернет-мақала Ақпараттық порталдарда, сайттарда жарияланған кемінде 1 500 белгісі бар әртүрлі жанрдағы (ақпараттық, аналитикалық, т.с.с.) материалдар қабылданады 4 Үздік интернет жарияланым Instagram, Facebook, Telegram, TikTok, т.б. әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларда #КаждыйРебенокДостоинШколы #ӘрБалаМектепкеЛайықты #EveryChildWantsToBeIncluded #Bolashakcharity #Аутизм хештегтерімен орналастырылған кемінде 1 000 белгісі бар жарияланымдар/посттар қабылданады 5 Үздік әлеуметтік ролик Телеарналарда, сайттарда, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларда(роликтер әлеуметтік желілерге бейімделіп, 15 сек. болуы мүмкін)#КаждыйРебенокДостоинШколы #ӘрБалаМектепкеЛайықты#EveryChildWantsToBeIncluded#Bolashakcharity #Аутизм #Фондсоциальныхизменений хештегтерімен орналастырылғанMp4, AVI, MPEG-TS, HDRipпішіміндегі (хронометраж 30 секундтан басталатын) роликтер қабылданады Материалдарды бағалау критерийлері: – материалдардың жаңалығы және бірегейлігі (идеяның креативтілігі); – материалдардың әлеуметтік маңыздылығы; – мақсатты аудитория, атаулылығы; – көркемдік тәсілі. Конкурстың Қазылар алқасы: – Конкурсты ұйымдастырушы және серіктестерінің өкілдерінен; – Беделді БАҚ өкілдері және қоғам қайраткерлерінен қалыптастырылады. Инклюзия туралы үздік материалға Конкурсына қатысуға өтінімhttps://bit.ly/2Lgc4yv- жүктеу Өтінім мен материалдар pr@bolashak.kzэлектронды адресі арқылы, почтаға және/немесе010000, Нұр-Сұлтанқ., Д. Қонаев көшесі, 12/1 , 411-офисмекенжайына қабылданады. тел. 8 (7172) 500 618, +7 775 225 19 07.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!