Өткен жұмада Қызылорда «Болашақ» университетінде әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығының ұйымдастыруымен педагогикалық бағытта білім беру бағдарламаларының білім алушыларына «Инклюзивті білім беруде баланы әлеуметтендіруде тьюторлық қолдау» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің мақсатына инклюзивті білім берудегі тьютордың атқарымдық қолданысын ұғындыру, тьюторлық қызметтің стратегиясын білім беру процесіне енгізудің қажеттілігі мен тиімділігін көрсету, инклюзивті білім беру процесінің барлық субъектілеріне қатысты белгілі бір өнімділікке қол жеткізу жатады.

Инклюзивті білім берудегі тьютор әрекетінің мақсаты ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру саналады. Шара барысында білім алушылардың ерекше білім алу қажеттілігі бар балалармен жұмыстың ерекшеліктері аталды. Сондай-ақ балаларға көмек беру, оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары туралы мәліметтер айтылды. Сонымен қатар, білім беру арқылы тұлғаның өзін-өзі дамыту әлеуетін толыққанды іске асыру жолдары талқыланды. Шарада білім алушылар өз ойларымен бөлісті.

Аталмыш шараны әлеуметтік ғылымдар магистрі, «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институт жанындағы әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығының мүшесі А.Ә. Рысқұлова өткізді.

Әлеуметтік мәселелерді психологиялық және

дефектологиялық зерттеу орталығы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!