Облыс бойынша ерекше білім алуды қажет ететін 5912 бала тіркелген. Олардың 664 балабақшаға, 1992 жалпы білім беру мектептерге, 1013 үйден, 269 арнайы мектеп-интернаттарда білім алады. 2021 жылы 1590 бала арнайы білім беру ұйымдарында түзету көмегін алды.

Бүгінгі күні  облысымыздың мектептерде  8 инклюзивтік ресурстық орталықтар,  235 мектепте  инклюзивтік кабинеттер жұмыс жасайды.

          Сонымен қатар, барлық мемлекеттік балабақшада инклюзивтік білім беруге жағдай жасалған.

         Осы орайда, жеке балабақшаларда инклюзивтік білім алуға жағдай жасау бағытында зор үлесін қосқан «Шағбан» балабақшасы.

         Ерекше білім алуды қажет ететін балалармен жұмыс жасау барысында үнемі жаңа технология енгізілуде.

         Соның ішінде иппотерапия әдісі  «Шағбан»  балабақшасында  алғашқы рет енгізілді.

           Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға иппотерапиямен жұмысымен басқарма басшыларды «Альтаир-Бөбек» қоғамдық қорының директоры, Шағбан жеке балабақшасының құрылтайшысы Ұзақбаева  Жапырақ Бегімбайқызы  таныстырды.

«Альтаир-Бөбек» қоғамдық қоры 2017-2018 жылдар аралығында 240 ерекше қажеттілігі бар балаларға оңалту қызметін көрсетті.

2017 жылы нәтижесінде «Иппотерапиямен оңалту» қызметін алушы Жақсылық Мөлдір Қазақстан Республикасы параолимпиадасының «Халықаралық ат спорты» жарысына облыс атынан қатысып, 3 орынды иеленді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!