Фото: pn.com.ua
Еліміздің «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері нақты айтылған.
Интерактивті тақтамен оқытудың әдеттегі оқыту әдісінен айырмашылығы көп емес. Оқытушы қолданатын технологиялық құралдарға қарамастан, сабақты сәтті өткізудің негіздері бірдей. Ең алдымен, кез келген сабақтың белгілі бір мақсатқа және нәтижеге жететін нақты жоспары, құрылымы болуы керек. Мұның бәрі де оқушыға материалды жақсы меңгерулеріне көмектеседі және өз білетіндерімен сәйкестендіру септігін тигізеді. Қазіргі кезенде интерактивті оқыту әдістерінің төмендегідей жетілу мүмкіндіктері бар:
*моделдерді, гипермәтіндерді жасау және көрсету, презентациялау.
Қажетті бағдарламаны қамтамасыз етіп, интерактивті тақтаға үйлестіріп қолдану жаңа идеяларды түсінуді анағурлым жақсартуы мүмкін.
Интерактивті тақта – топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін қүнды құрал. Бұл оқытушыларға жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін (визуалды) ресурс. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор. Сабақта ұстаздар материалды барынша оқушыларға түсіндіре алады. Олар интерактивті тақта арқылы сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Ұстаздар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп осы тақты қолдану арқылы мақсаттарына жете біледі.
Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқытушылар оқушылардың білімдерін тексере де алады.
Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп, оқушылардың материалды жақсы түсінулеріне мүмкіндік туғызады.
Талдау жүргізуді басқара отырып, оқытушы оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасауларына жол сілтейді. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады.
Интерактивті тақтаны қолдану сабақтың жоспарын, қарқыны мен барысын жақсартуға көмектеседі. Интерактивті тақтада жұмыс жасау материалды қарапайым, бірақ шығармашылық түспен қолдануды қарастырады. Файлдар мен беттерді алдын ала дайындап, қолданылатын басқа ресурстарға бекітуге болады.
Интерактивті тақта көмегімен оқыту, тек компьютермен және проектормен оқытуға қарағанда айтқарлықтай әсерлілеу, өйткені оның бірнеше артық тұстары бар.
Кез келген білім барысының назарында, мүғалім білімге жетелейтін оқушы тұр. Егер де оқушы «Керек» деген ынтадаң «Маған қызық, менің білгім келеді» деген ынтаға келсе, онда бұл жолдың қуанарлықтай және жемісті болғаны. Бұл міндетті шешу оқыту барысында интерактивті тақта қолдануға себеп болар еді.
Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияның барлық мүмкіндіктерін интеграциялау оқушылардың өзіне және өз біліміне қатысты танымдық қызметін, шығармашылық талабын, белсенді бағыттарын ынталандыруға көмектеседі.
Ақмарал БЕКБАУОВА,
Т.Рысқұлов атындағы №222 орты мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!