Түркістан облысы Келес ауданында 9-сынып оқушысының тест тапсырмаларын мұғалімдер орындап берген. Мұндай фактіні облыстық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері анықтады.
Департамент басшысы Ғалымжан Алматовтың мәліметінше, «Болашақ» атындағы №43 жалпы орта мектепте болған.
Сала жауаптылары мемлекеттік аттестаттауға бақылаушы ретінде қатысу барысында әжетханаға сұранып шыққан оқушының тапсырмаларын компьютеріндегі паролі арқылы қашықтан басқарылғанын анықтаған. Оның видеосы да пайда болды. Бейнежазбадан 13-ші сұрақ белгіленбеген қалпында және қызыл белгіні көрсетіп тұғанын байқауға болады. Алайда оқушы пароль/логинімен қайта кірсе, бұл сұрақтың жауабы белгіленген.
Аталған оқиға бойынша мектеп директорына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Ал Арыс қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №11 мектепте оқушылардың білім деңгейін тестілеу кезінде 9 «В» сынып оқушысынан ұялы телефон табылған. Тыйым салынған заттарды анықтау актісі жасалып, тест тапсырушы аудиториядан шығарылған. Бұл жағдайға қатысты да аталған білім ұясының директор міндетін атқарушыға сөгіс берілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!