ҚР Конституция күніне орай облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Универсам» мөлтек ауданында жылжымалы кітап көрмесі өтті.
Көрмеге түрлі жанрда 500-ден аса кітап қойылған. Тұрғындар, өздеріне қажетті оқулықтармен танысып, ұнаған кітаптарын алып кетті. Көшпелі кітап көрмесінің қорына үлес қосқан тұрғындар да жоқ емес. Соның бірі – Наталья Степановна. Тұрғынның айтуынша, рухани азық болатын көрмелердің көп болғаны жастардың білімді әрі алға жылжуына едәуір көмек болар еді, дейді ол.
– Осыдан 25-30 жыл бұрын қала орталықтарында кітаптар жиі сатылымға шығып немесе бір-бірімен кітап алмасып оқитындардың саны көп болатын. Алайда қазіргі дамыған технологияның әсерінен кітап оқитын жастар азаюда. Бүгінгі ұйымдастырған жылжымалы кітап көрмелеріңіз керемет. Кітап көрмесінің қорына бүгін өзім оқып, ұнатқан 4 кітабымды сыйға тарттым. Алда осындай көрмелердің көп болғаны жастардың білімінің артуына, кітапқа қызығушылығының оянуына үлкен серпіліс әкелері сөзсіз, – дейді қала тұрғыны Наталья Степановна.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!