Павлодар облысындағы ауылдық орта мектептің директоры автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Директор 15 қыркүйекте ұсталды.

«Сот отырысында ер адам алкогольді ішпегенін түсіндіріп, өз кінәсін мойындамады. Сонымен қатар, сотта жүргізушінің дәлелдері сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, лауазымды тұлғаның түсіндірмесімен және полицейдің жетонындағы бейнежазбамен жоққа шығарылды», – делінген хабарламада.

15 тәулікке әкімшілік қамауға алудан басқа, директор жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!