Қостанай қаласындағы Жоғары политехникалық колледждің күзетшісі металл іздейтін құралдың көмегімен қалтасына пышақ салып алған студентті ұстады.
Polisia.kz портаның хабарлауынша, оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы пышақты тәркілеп, 18 жасар студентті полиция басқармасына апарған.
«АНЫҚТАЛҒАНЫНДАЙ, СТУДЕНТ БАСҚА КОЛЛЕДЖДЕ ОҚИДЫ, БҰЛ ОҚУ ОРНЫНА ІС-ШАРАҒА КЕЛГЕН. ОЛ АТА-АНАСЫНА ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА КӨМЕКТЕСКЕНІН АЙТЫП, СОДАН КЕЙІН ПЫШАҚТЫҢ СЫРТ КИІМІНДЕ ҚАЛҒАНЫН, ЗАТТЫҢ САЛМАҒЫ АЗ БОЛҒАНДЫҚТАН, ОЛ ТУРАЛЫ ҰМЫТЫП КЕТКЕНІН ТҮСІНДІРДІ”,-ДЕП ЖАЗАДЫ ДЕРЕККӨЗ.
Сараптама студенттен табылған пышақ суық қаруға жатпайды деген қорытынды шығарған. Дегенмен, студенттің ата-анасына оқиға туралы баяндалған.
Еске сала кетейік, апта басында Петропавлдағы мектепте тоғызыншы сынып оқушысы сөмкесіне пышақ пен балта салып әкеліп, үш оқушыны жаралаған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!