Ақтау мектептерінің бірінің оқушысы білім ошағының дәретханасында комиссия келетін уақытта сабын мен дәретхана қағазы пайда болғаны туралы видео жариялады. Видеодағы оқушы бұрын мектепте жеке гигиена құралдары болмағанын айтады. Бұл жағдайға Ақтау білім бөлімі өкілдері жауап беріп, оқушының айтқаны шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Желі қолданушылары өздерінің мектептерінде де дәретхана қағазы жоқ екенін жазған. Ақтау білім бөлімі өкілдерінің айтуынша, жазба 27 қыркүйекте №3 орта мектепте түсірілген.
«Осы мектептің 11-сынып оқушысының видеосы шындыққа жанаспайды. Тазалықты, санитария нормаларын сақтау мақсатында мектеп дәретханалары мен асханасында үнемі тазалағыш заттар (сұйық сабын, дәретхана қағазы) қойылады. Видеоны түсірген оқушы мұны әзіл үшін жасағанын мойындады», – делінген Ақтау білім бөлімі хабарлмасында.
Сонымен қатар, ведомство өкілі бұл мектепте комиссия күтілмегенін мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!