Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 2021 жылдан бастап «Күміс университет» жобасы іске асырылуда. Жоба жоғары буынға түрлі бағыт бойынша білім мен дағдыны меңгеруге мүмкіндік береді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Күміс университет» оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру бойынша Әдістемелік ұсынымдарды бекітті.

«Күміс университет» – егде жастағы адамдарға екінші мамандық алуға көмектесетін халықаралық қозғалыс. Оқыту 50 жастан асқан азаматтардың жаңа кәсіп түрін үйренуіне жол ашады.

Бұл модель Франция, Ұлыбритания, Қытай және Жапония сияқты елдерде 60 жылдан астам уақыт бойы сәтті жұмыс істеп келеді. Қазақстан университеттері «lifelong learning» тұжырымдамасы шеңберінде 2022 жылдан бастап «Күміс білім беру» бағдарламаларын іске асыруда.

Бүгінде еліміздегі 32 университетте «Күміс университет» бағдарламалары бар.

Күміс университетте цифрлық дағды, шет тілдері, кәсіпкерлік, құқық, мәдениет, дін және физикалық
белсенділікті қамтитын курстар оқытылады.

Айдана Жұмадинова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!