«Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау — жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».

М.Жұмабаев

Қазіргі заман талабына сай  оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Қазіргі  алға қойған үлкен мақсат — өмірдің барлық саласындағы белсенді шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылық-тарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу.

Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.

5-6 жастағы балалардың дене бітімінің және таным процесстерінің қабілеттері нің дамуының кезеңі. Айналадағы әлемді белсенді тануда сұрақтарға жауаптар іздеп,  жиі өзіне көңіл аударғысы келіп, қойған шектеулердің беріктігін тексеріп, өзінің қалағанын жасауға тырысады, бірақ қызықсыз  іске зейіні жинақталмаған, өзіне жақын адамға өте ұқсағысы келіп, сұрақтарды қоя бастайды.

Айналадағы әлемді танудың негізгі іс әрекеті ойын. Ойынның пайдасы бар екен деп тек қана уақыт өткізудің құралы ретінде қабылдамай, ойын түрлерін балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі ретінде қолдану керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға бағыттау.

Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі.
Дидактикалық ойындар арқылы баланың логикалық ойлауы дамиды, ал
логикасын дамыту – ол оқу үрдісінде үздіксіз ұдайы жүргізілетін жұмыстардың бірі.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау»  дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Логика  (грек тілінен алынған logic –сөз, ой, ойлау, ақыл –ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.

Обьективтік пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады.

Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше.

«Логикалық ойлау» дегеніміз – логика  заңдылықтарын пайдалана отырып,  ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың  логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу- тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.

Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар.  Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.

Сол себептен өзіндік білім көтеру жұмысымдағы мақсатым:

Баланың білімді игеру кезінде логикалық ойлауы дамыған, таным әрекеті белсенді, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.

міндеттері:

-қызығушылығын арттыру;

-ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;

-шығармашылық ізденісін дамыту;

-логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Баланың логикалық ойлауын жетілдіру арқылы миды жаттықтыра аламыз.

Әдетте, логикалық тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қағидаты бойынша біртіндеп қиындай береді. Бұндай тапсырмалар оқушының белсенділігін арттырады. Сонымен қатар балалардың әр тапсырмаларға шығармашылықпен қарауға да әрекет едеді.

Шығармашылық жаттығулар барысында қйындықтардың шешу барысында  балалардың жаңа бір нәрсені ашуына, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мектепалды даярлық балаларының логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандартты емес тапсырмаларды шығармашылық жаттығулар деп атаймыз. Сондықтан шығармашылық жаттығуды ұдайы жүргізе отырып біз оқушылардың тек пәнге деген қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да дамыта аламыз.
Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше айқын қызметін орындайды. Бұл нақты қызметіне талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру нақтылау және қорытындылау арқылы жүзеге асырылады. Ойын барысында кез келген затты талдап, ұқсастығымен айырмашылығын талдап, салыстырып, оздігінен ой түйіндеп шешім қабылдап, шығармашылық жағынанда бақылап қадағалап қорытында жасауларына да көп септігін тигізеді. Ойын барысында алған білімдерін бір жүйеге жинақтауға ойынның маңызы зор.

Мысал ретінде өз тәжірибемізде қолданылып жүрген төмендегі логикалық тапсырмаларды ұсынамын:

№1 «Сандар»

— санарды өсу ретімен қойып шық

— түстерін ата

-көрші санды ата, т.б.

№2 Сөздік

Мына заттар туралы сен не білесің, бәрін айт:

  • Үстел (ағаштан жасалған, сынады, жанады, жазатын үстел, ас ішетін, қазақы дөңгелек)
  • Кітап (қағаздан жасалған, қиылады, жанады, су сіңіреді)т.с.с.

№3 Дидактикалық ойын. «Біреу және көп»:

Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл. т.б.

«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –  логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.

Оқушыны ойната отырып,  ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінде қолданылған ойын элементтерінің кез келгені сабақтың мазмұнына сәйкестендіре отырып, алға қойған мақсатқа қол жеткізе аламыз. Жүйелі қолданылған дидактикалық ойындар арқылы ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне  оқушы  қызыға түседі, материалды тез игереді, сыныптағы оқушылар бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі, теорияны іс жүзінде қолдана білуге жаттығады т.б.

Қорыта келгенде логикалық тапсырмалар оқушылар үшін қызықты іс-әрекет қана емес, педагогикада оларды тәрбиелеу мен дамытудың өте қажетті құралы деп санаймын, сондықтанда күнделікті әр ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде логикалық тапсырмаларды тақырыпқа сай ұйымдастырып қолданамын.

Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуына қызығушылығын арттыруға өзіне деген сенімнің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Гүлден СҮНДЕТОВА,

№ 25 мектептің

математика пәнінің мұғалімі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!