С.Лапин атындағы №261 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Мағжан Қаракөз «Үздік ұстаз − 2021» байқауының жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, облыстық кәсіподақ комитеті жас мұғалімдер арасында үш күндік сайыс өткізді. «Таң нұры» демалыс орнында облыстың үздік жас мұғалімдері жиналып, топқа бөлініп өзара сынға түсті. «Мұғалімнің эмоционалды интеллектісі: практикалық аспект» атты семинар-тренинг, «Оқыту процесіндегі мобилография мүмкіндіктері» семинар-практикумға, эстафеталық сайысқа қатысты. Білімдерін де, спорттық қабілеттерін де ортаға салды. Кәсіподақ жанындағы жастар кеңесінің» жұмыс бағытымен танысып, тарихи өлкеге саяхат жасады. Үш күндік шарада «Сыр жастары» тобы белсенділік танытып, алдыңғы орынға шықса, топ мүшесі Мағжан «Үздік ұстаз» атанды.

Мағжан – Үздік ұстаз

Жас маман Мағжан 1994 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. №144 С.Әлжіков атындағы орта мектепте, №15 қалалық гимназияда білім алған. Мектеп қабырғасында да белсенді болған ол біліммен қатар оқу орнының вице-президенті болды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универсиетінде оқыды. Мағжан студенттік өмірді де тиімді әрі көңілді өткізді. Университеттің қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысып, бірнеше рет ректордың алғыс хатын иеленген.

Мағжан – Үздік ұстаз

− Ұстаздық – кез келгенге бұйырмайтын бақыт деп түсінемін. Өмірімде мансап қуып, алдыма үздік ұстаз атансам екен деген мақсат қойған емеспін. Ұстаздан не талап етілді, соны жасауға тырысып келемін. Аға буын ұстаздардың сара жолымен жүруді мақсат еттім. Әр уақытта ұстаз еңбегі шәкіртімен бағаланады. Сондықтан оқушылардың биологияны жете меңгеруіне атсалысамын. Әрбір жетістік, әрбір алған марапат, барлығының жауапкершілігін сезінемін. Мен үшін жауапкершілік − ел артқан сенім биігінен төмендемеу. Мақсатым − білімді, саналы шәкірт тәрбиелеу, − дейді Мағжан Қанатұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!