Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтағанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Комиссия отырысында түскен өтініштер қаралып, гранттар қолданыстағы ережелерге сәйкес конкурс негізінде бөлінді.

Министрліктің дерегінше, биыл конкурсқа 20 мыңнан астам өтініш қабылданған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық. Ең көп сұранысқа ие бағыттар қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», сондай-ақ «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бар.

Магистратураға грант бөлу конкурсының нәтижелері 23 тамыз күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің, Ұлттық тестілеу орталығының және министрліктің ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!