Фото: Freepik

BAQ.KZ. Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсуші талапкерлерге хабарландыру жариялады.

Орталықтың мәліметінше, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш беру 8 шілде, сағат 23:59-да аяқталады.

Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

Тіркелу барысында тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз. База жабылған соң тестілеу орнын ауыстыру мүмкін емес, – деп ескертеді орталықтан.

Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 13 шілде талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!