Дәл осы сәт­те мектеп бі­тіруші әр түлек арман жетегінде жүр. Жүрек қалауымен таңдаған мамандықты меңгеріп, таңдаулы маман атануды ойлайды. Мектеп табалдырығында ой түзеп, арманға баратын болашақтың алғашқы баспалдағы қаланып қойғандай…

   Бала кезімнен қаламы қарымды, ойы жүйрік, жаңалыққа жаны құмар журналист болуды армандадым. Журналист мамандығы жаңа ғасырға аяқ басқан сайын өз орны мен биігін нықтап,әлемді мойындатқан қадірлі маман иелерінің қатарына енді. Төрткүл дүниенің жаңалығын алғашқылардың бірі болып естіп, оны сараптап, халыққа жеткізу үлкен біліммен қоса қырағылықты қажет етеді. Сонымен қатар журналист қауымы кез-келген сала жайлы хабары бар ерекше маман иесі.Ол өз саласының майталманы болуы үшін өртпен алысқан өрт сөндіруші де, ақ халатты дәрігер де, болашақ иелерін тәрбиелеген ұстаздың да образына енуі қажет. Оның әр қадамы қоғаммен тығыз байланысты болуы осында жатыр.

Қазіргі таңда журналистің араласуымен қоғамымызда оң шешімін тауып жатқан жайттар күннен-күнге көбейіп келеді. Журналист қашанда елмен бірге және халықтың алғысын арқалаған керемет мамандық иелері. Мен болашақта осы қатарға қосылуды қалаймын, өзімді кәсіби маман ретінде елестетемін. Орайлы сәтті пайдалана келе, замандастарыма бастық сынақ – ҰБТ-дан сүрінбей өтуді тілеймін!

Әнел САЛМАН,

І.Қабылов атындағы №12 IT мектеп-лицейінің  оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!