Маңғыстау облысында 7 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл дерек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жүргізген мониторинг барысында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы мектептерден анықталды.
Енді олар осы күнге дейін мемлекеттен алып жүрген үстемақыны қайтаруға тиіс. Қазір іс бойынша материалдар сотта қаралып жатыр. Тағы бір мұғалім қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оған 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
“Облыстық білім басқармасымен білім беру бөлімдерінде тиісті кездесулерді ұйымдастырып келе жатырмыз. Мұғалімдер — біздің болашақ мамандарды дайындайтын болғандықтан, оларға мұндай фактінің алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізу ұсынылды. 2021 жылдан бастап алынған дипломдар интернет ресурсында көрінеді. Яғни, тексеріледі. Ал қалғандарын жұмысқа қабылдау кезінде жұмысқа қабылдаушы мекемелер тиісті оқу орнына сұраныс жолдау арқылы анықтауға болады”, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Біржан Хайруллин.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!