Қайтарымын күтпей қайырымдылық жасау – ізгі іс. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі жомарттық жолынан жаңылмай, “Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясына белсене қатысты.
Баланың жүзі балбұл жайнап, білімнің қара шаңырағына қапаланбай барғаны құба-құп. Сондықтан, жыл сайын дәстүрлі үрдіске айналған акцияның маңызы зор. Яғни, аз қамтылған, көпбалалы немесе қиын жағдайдағы отбасының балаларын жаңа оқу жылына дайындауда қолдаумен қуаттап келеді . Бұл ретте, мекеменің жеке құраммен жұмыс жөніндегі аға инспекторы Динара Шахи бір отбасының екі баласына сөмке мен оқу құралдарын табыстады.

– Биыл ұлым 2 сыныпқа, ал қызым 1 сыныпқа барады. Олардың қалауын орындап, қамдану керегі белгілі ғой. Мектепке дайындықтың қалтаға салмақ салатыны жасырын емес. Сол себепті, қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз еткен мекеме ұжымына алғыс айтамын. Балаларым қуанып, көңілі көтеріліп қалды, – дейді жалғызбасты ана.


Балан қуанышынан артық бақыт жоқ. Кедергісіз білім алу – кемел келешегінің кірпішін қалауға негіз болмақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!