Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында №11 орта мектептің оқушылары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз мектептерінде қалуды сұрап видео үндеу жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын 600 орындық мектеп 2022 жылы ашылған. Енді биылдан бастап мұнда ерекше білім беруді қажет ететін жүзге жуық бала оқитын болады. Алайда кейбір жұртшылық бұл ғимаратты қазақ тілінде оқытатын «Шаңырақ» мектебіне ауыстыруды ұсынған. Бұл бастама №11 мектептің ата-аналары мен балаларына ұнамады.»Құрметті Президент, мектебімізде қалуымызға көмектесіңіз! – деп үндеу жариялады оқушылар.»Ақпараттық науқанды белсендіру мектеп пайдалануға берілген сәтте емес, оның ашылуы мен 2022-2023 оқу жылының тұсында емес, жаңа оқу жылы қарсаңында басталды. Яғни, №11 мектеп әкімшілігі білім беру мекемесін зертханалық құрал-жабдықтармен және кітапхана қорымен қамтамасыз ету мәселелерін шешіп қойған кезде – педагогикалық ұжымның кінәсінен туындап отыр. Мектептің оқу орнын алуға мүмкіндік бермей тұрған мәселеле ұстаздардың кінәсі мен лицензияда емес”, – делінген материалда.8 тамызда қала әкімі Дәулет Батырбаевтың өкімімен аталған екі оқу орнының ұстаздар қауымы мен оқушыларының ата-аналары арасында ішкі «климатты» бақылайтын жұмыс тобы құрылды. Бұл ретте басылым №11 мектептің ұстаздар қауымы мен ата-аналар тарапынан шағым түспегенін атап өтеді.»Комиссия құрамына №11 мектептің орыс тілінде оқытатын сыныптарының ата-аналарынан, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарынан өкілдер кірмеді. Комиссия құрамында психологиялық білімі бар мамандар болған жоқ», – делінген мақалада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!