Ұлытау облысында бір құты еден бояуын тендер арқылы 1 миллион 600 мың теңгеге сатып алмақ болған мектеп басшылығының заңсыз әрекеті анықталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласындағы мектепте заң бұзушылықты анықтады. Білім ошағының есепшілері мемлекеттік сатып алу конкурсында бояу бағасын 70 мың есе артық көрсетіп, 1 миллион 600 мың теңгеге сатып алғысы келген.
Құзырлы орган өкілдерінің араласуымен байқау қайта жарияланып, 18 құты бояу небары 47 мың теңгеге сатып алынды.
Департамент қызметкерлері осыған ұқсас тағы бір заңбұзушылықты Қаражал қаласында анықтады. Әкімдік 11 миллион теңгеден аспайтын қызметтік көлікті 65 миллион теңгеге сатып алуға конкурс жариялаған.
Айта кетері, биыл алғашқы үш айдың ішінде облыста 34 миллион теңге шамасында бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілмеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!