Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистердің мектеп қызметкерлерінің айлығын өсіру туралы сұрақтарына жауап берді. Ведомство басшысы мектептегі басшылық лауазым иелерінің айлығын көтеру жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
Министр Мемлекет басшысына уәде етілгендей мұғалімдердің жалақысының толық өскенін атап өтті. Жыл сайын мұғалімдердің жалақысы 25% — ға өскен. Биылғы жылы да көлемі 25% — ға ұлғайтылған. Ендігі кезекте мектеп басшыларының айлығын көтеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
«Келесі бағытта мектеп басшыларының айлығын да көтеруге мән беруіміз керек. Бұл бағытта да Оқу-ағарту министрілігі біршама жұмыс атқарып жатыр. Пысықтап жатырмыз. Бұл оңай емес, барлық оң және теріс жақтарын есептеу керек. Басшылардың жалақысын көтеруге қолдау көрсетіледі деп үміттенемін», — деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!